БҰҰ Бас Ассамблеясы қасиетті кітаптарды қорлау жөніндегі кез-келген актілерді айыптайтын және мұндай әрекеттерді халықаралық құқық нормаларын бұзу деп танитын қаулы қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап. Марокко бастамашы болған құжатты БҰҰ Бас Ассамблеясы бірауыздан қабылдады. Қаулыда атап айтқанда, «адамдарға қатысты барлық зорлық-зомбылық актілері діни көзқарастары немесе сенімдері негізінде, сондай-ақ олардың діни рәміздеріне, қасиетті кітаптарына, үйлеріне,