Мәжіліс пен Мәслихат сайлауын пайдаланып, Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының тұрғындары мен сол ауылдан шыққан азаматтар сайлау бюллетеніне өздерін мазалаған мәселені жазып, наразылығын білдірген. Тұрғындар Маралды ауылында алтын қазатын фабрика салуға қарсы. Күршімдіктер дауыс беруден бас тартып, бюллетеньдерге бұрыннан шешілмей келе жатқан мәселені жазып, акция ұйымдастырған. Көбі бюллетеннің сыртына осындай талап қалдырып, ішін