2022 жылы 3 тамыз күні Қызылордада үш баланың анасы Ажар Шадиева көз жұмды. Оны 29 жастағы күйеуі ұрып-соғып, өлтірген. Істі тергеу барысында марқұмның туыстары қылмысқа қатысы бар деп тағы төрт адамды атаған. Олар кінәлілердің жазаланғанын қалайды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.