Режиссер Қанат Бейсекеев өзінің YouTube каналында рэпер Shiza-мен (Асхат Жолшиев) подкаст жариялады. Әңгіме барысында орындаушы 25 мамырда Алматыда өткен концертте тудың айналасында туындаған жанжал туралы айтты. Shiza қазір біраз тынышталғанын, тек күніне 1-2 хейт болып тұратынын айтты. Орындаушы сұмдық хейт болғанын жасырмады. «Негізі мен 7 ән орындауым керек болған. Ең соңғы әнім «Көк ту» болатын.