Күз келе сала кей адамды мұң басуы мүмкін. Жабырқап, бойды әлдебір қоңыр сағыныш кернейді. Іс қылуға құлық азаяды. Бұл күйді «күзгі хандра» дейді. Мамандар күзгі хандраға берілмес үшін не істеу керек екенін айтты. Күзгі хандраның себебі не? Эндокринолог Мадина Сүлейменова күн суытқанда организмдегі мелатонин гормоны көбейетінін айтады. Бұл - организм температурасына жауапты гормон. Мелатонин мөлшері