Заңгер Айгүл Орынбектің айтуынша, құқық қорғау қызметкерлері көбіне істі ашпай, жауып тастайды. Әділдікке жету қиын. Тіпті, істің ақиқатына жетуге тырысқан заңгермен күресіп кетеді. Құқығы тапталған әйелдердің проблемасын көтеремін деп талай қысым мен қудалауға да ұшырапты. Оның себебі, қоғамда зорлық-зомбылық әлі де ашық айтылмайды. Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстарымен айналысып жүрген заңгерлер саусақпен санарлық. Сол