Ақтау 2 шілдеде су жиналатын арнадан өлі табылған 21 жастағы спортшы Валерия Шальнованың өліміне қатысты іс тағы басқа бап бойынша сараланды. Бұған дейін қылмыстық іс 105-бап «Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу» бойынша қозғалып жатқаны хабарланған еді. Кейін полиция 119-бап - «Қауiптi жағдайда қалдыру» бойынша тергеу жүргізуді бастаған болатын. Қазір 99-баптың 1-бөлімі «Адам өлтіру» бойынша тергеу жүріп жатыр.