Қазақстанда жыл сайын із-түзсіз жоғалып кететін азаматтар жайлы жиі естиміз. Әлеуметтік желіне аша қалсақ, «үйден шығып кетіп, қайта оралмады, көрген-білгендер болса, бір хабарын беріңіздерші, суретін таратыңыздаршы» деген азаматтардың өтінішінен көз сүрінеді. Құқық қорғау органдары тайлы-тұяғымен хабар-ошарсыз кеткен азаматтарға республикалық және халықаралық деңгейде іздеу салғанымен, бірі табылады, бірі мүлдем табылмайды. Бас прокуратураның Жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметі