Ет бағасының күн сайын шарықтағанынан бөлек, малды семірте алмай жүрген халық әуреге салынды. Көпшілік соғымының жайын тек етті асқанда ғана барып байқап, сан соғып қалып жүр. Айла артылмайтын ет сатушылардың арбауына түскендер еттің дәмі қалмай бар майы түгелдей сорпаның бетіне шығып кететінін айтады, деп жазды Айкын порталы. Жарты миллион теңгеге жуық сомаға соғым алып, бас