Қырғыз дикторы Айзада Жамгырчиева Құрылтай депутаты Айдарбек Қожаназаров сыйлаған көлігін көрсетіп, желіге жариялады. Ол “Changan” автокөлігін “Көшпенділер” ойынының ашылу салтанатында “Қазақстан” деп айқайлағаны үшін алып отыр, деп хабарлайды Tizgin.kz. Диктордың ерекше дауыс мақамына риза болған “Көкпар” қауымдастығының президенті Айдарбек Қожаназаров оған темір тұлпар мінгізуді жөн көрген. “Көріндік қой, әәә..? Кейде бір сыйлықтың астарында мың сөзге татитын мағына …