Қырғызстан «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасын қабылдады. Ол бойынша енді Қырғыз шенеуніктеріне мемлекеттік тілді (қырғыз тілін) білуі міндет болады. Нақтырақ айтсақ, «Мемлекеттік тіл туралы» заң жобасына сәйкес, Қырғызстан шенеуніктерінің мемлекетті тілді меңгеру деңгейі ортадан кем болмауы тиіс. Бұл туралы Жоғарғы Кеңес (Парламент) отырысында Мемлекеттік тіл жөніндегі Ұлттық комиссияның төрағасы Қаныбек Осмоналиев айтты, деп жазады Mezgil.kz.