23 қарашада Бішкек соты журналист Болот Теміровті елден шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Kaktus.media хабарлады. Прокурор сот алқасынан Теміровті өзіне тағылған Қылмыстық кодекстің баптары бойынша кінәлі деп тануды, елден шығаруды сұрады. Оған қоса ол айыпталушының Қырғызстан азаматтығы жоқ екенін алға тартты. Ал Теміровтың адвокаттары Бішкек қаласының Свердлов аудандық сотының үкімін өзгертіп, қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты