Қырғызстанның ауыл шаруашылығы министрлігі 13 тамызда Азаттыққа хабарлағандай, мұндай келісімге тараптар шілде айында Бішкекте өткен кездесуде келген. Ақпаратқа сәйкес, 17-19 шілде күндері Бішкекте Қырғызстан мен Қазақстанның су мәселесі бойынша өкілдерінің кездесуі өткен. Онда қазақ тарап Талас дариясының бассейнінде су жетіспеушілігін, Жамбыл облысында егінді алқапты суғару ауыр болып жатқанын айтып, Киров су қоймасынан суды көбірек беруді