Қырғызстанның ішкі істер министрлігі оң рөлді көліктерді такси қызметіне пайдалануға тыйым салу жөніндегі қаулы жобасын қоғам талқысына шығарды. Жоба үкімет сайтында жарияланды. Оған сәйкес, оң рөлді көліктер коммерциялық мақсатта жолаушы және жүк тасымалдай алмайды. Бұл жол апатын алдын алу дейді жобаны ұсынушылар. Қырғызстанда 2015 жылдан бастап оң рөлді көліктерді тіркеуге тыйым салынған. 2018 жылы үкіметтің