Қырғызстан президенті Садыр Жапаров еліне ағылған Ресей азаматтары туралы алғаш рет айтты. Ол The New York Times газетіне пікір білдірді. Бұл туралы Kaktus.media жазды. Мақалада қырғызстандықтарға ондаған жыл бойы кедей туысындай қараған соң көптеген қырғызстандық, соның ішінде Садыр Жапаров та позицияның осылай өзгергеніне қуанатыны айтылды. Бұл - біз үшін тіпті жаңа құбылыс, деді Садыр Жапаров.