Қырғызстанда магнитудасы 4,5 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «СТӘЭ» сейсмикалық станциялар желісі хабарлады. Ұйым мәліметінше, жер асты дүмпулері 10 ақпанда Алматы уақыты бойынша сағат 11:24-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 338 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында орналасқан, делінген хабарламада. Жер сілкінісініңэнергетикалық класы 9,9 болды. MPV магнитудасы — 4,5. Тереңдігі