Қырғызстанның бірнеше аймағында сел жүріп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі qazaqstan.tv-ге сілтеме жасап. Кейбір ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, Ош облысында төтенше жағдай жарияланды. Өңірде 100-ге жуық үйді су басқан. Ал бір ауылда селге қарсы бөгетті су бұзып кеткен. «Курсив»