Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген мемлекеттік стипендияларды тағайындау жөніндегі Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап бірқатар студенттердің стипендиясы артуы мүмкін: Педагогикалық бағыттарда және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, студенттерге – 41 898 теңге; Педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге; «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын