Дүйсенбіге қараған түні Ресей мен аннексияланған Қырым түбегін жалғап тұрған Керчен көпірінде «төтенше оқиғаға» байланысты қозғалыс тоқтаған. BBC-дің Орыс қызметі таратқан хабарға қарағанда, көпір маңынан екі жарылыс естілген. Ресейдің көлік министрі Қырым көпірінің автомобиль жолағы ғана зақымданды деп хабарлады. Кейбір дереккөздер көпірдің тірегіне нұқсан келгенін айтып жатыр. Көпірге параллель жүріп жатқан паром өткелі де жабылған.