Қытай 15 жылда 150 атом реакторын салады. Оған қажет уран таблеткаларын (арнайы кешенді құрам) Қазақстан беретін болады. Өскемендегі «Үлбі-ТВС» зауыты биылдан бастап Қытайда жұмыс істеп тұрған АЭС-терге таблетка жіберді, деп жазды Dalainside. Қытай жыл сайын 6-8 реакторды іске қосуды жоспарлап отыр. Солайша, 2035 жылға қарай Қытайда өндірілетін барлық электр қуатының 10 пайызы АЭС арқылы алынбақ.