Қытайдың Хэнань және Аньхой провинцияларында банк саласындағы жағдайға қатысты жаппай наразылық болып жатыр. Жергілікті тұрғындар ақшасын қаржы ұйымдарына сеніп тапсырған, енді қаржысын қайтарып ала алмай жатыр. Халық осы жағдайға наразы. Ал банктер бәріне «жүйенің жаңарғаны» кінәлі деп мәлімдейді. 18 шілдеде осы өңірлерде жұмыс істейтін бес бірдей ауыл шаруашылығы банкі жеке тұлғалардың депозитіндегі қаражатты бұғаттады. Құзырлы