Қытайда жалғызбасты әке мектепте нашар оқығаны үшін 13 жастағы ұлын самурай қылышымен шауып өлтірген. South China Morning Post басылымының хабарлауынша, әкесі баласының мектепте нашар баға алғанына ашуланған. Қытайдың оңтүстік-батысында жалғызбасты әке жасөспірім баласын абайсызда бауыздап өлтіргені үшін 12 жылға бас бостандығынан айырылды, делінген хабарламада. Оқиға Ян Цзюнмин есімді ер адамның ұлының мұғаліміне жолыққанынан кейін болған.