Қытайда әйелдер қарапайым ер азаматтарды бейнеойын кейіпкерлерімен алмастырып, романтикалық кештерге баруды әдетке айналдырған. Тіпті бұл үшін арнайы тәжірибелі косплейерлерді жалдап жүр. Осылайша шынайы өмірдегі қарым-қатынас, жақындық пен махаббат ұмытылып барады. Қыз-келіншектер өздеріне ұнайтын ойын кейіпкері сияқты киінген жігітті жалдап, мейрамханаға, дүкенге немесе саябаққа қыдыруды елдегі жаппай карантин кезінде бастаған. Кейін бұл үрдіс кеңінен таралып кетті.