Жүк тасымалдаушылар ҚХР-мен шекарадағы «Нұр Жолы» кеден бекетіндегі сыбайлас жемқорлыққа, электрондық кезекті ұзақ күтуге тура келетініне көп уақыттан бері шағымданып келеді. Бас көлік прокуратурасы жүк тасымалдаушыларының наразылығына байланысты тексеру шараларын жүргізді. Ахуалды шешу мақсатында Бас көлік прокуратурасы ведомствоаралық жұмыс тобын құрған. Әрі 24-31 наурыз аралығында «Нұр Жолы» өткізу пунктіне барып, жүк тасымалдаушылармен, мемлекеттік және уәкілетті