Биыл 16 қыркүйектен бастап Қылмыстық кодекске «Неке қиюға мәжбүрлеу» деп аталатын жаңа 125-1-бап енгізілді. Оған сәйкес, адамды неке қиюға мәжбүрлеу мақсатында ұрлау, сондай-ақ неке қиюға немесе бірге тұруға итермелеу үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.