№73 мектеп-лицейінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбілікке бұл жолы әкелер кеңесінің мүшелері де белсенді араласты. Соның бірі – екі қызы осы мектепте білім алып жатқан Нұрбол Қопабай. Ол үшін бұл жай ғана сенбілік емес, әкелік жауапкершіліктің бір көрінісі. Таңнан бастап мектеп ауласындағы тазалық жұмыстарына қатысып, ағаш отырғызуға атсалысқан. «Осы мектепте менің екі қызым оқиды....