Парижде өтетін жазғы Олимпиада ойындарының тұмары ретінде Фригия қалпақшасы түріндегі екі ойыншық таңдалды. Олар «Фриги» деп аталады. Үлкен қалпақтың қолында бесінші республиканың туы. Сонымен бірге бірбойтұмардың аяғы протезден жасалған, өйткені олар - Паралимпиаданың да тұмары. Фригия қалпағы - француз революциясы кезінде якобиндер киген көне бас киім, ол еркіндікті бейнелеген.