Қызылорда қаласында тоғызыншы сынып оқушысы каналға суға батып кетті. Қазір құтқарушылар баланың мүрдесін іздеуді бастап кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті. Бүгін, 19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жастағы ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен. «Оқиға орнына барғанда кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы суға батып […]