Қызылорда облысы Шиелі ауданында үйінен шығып кеткен 16 жастағы қыздың мәйіті су арнасынан табылды. Бір тәулік іздестірілген жасөспірімді сол маңдағы тұрғындар судан жалаңаш күйінде тапқан. Ал марқұмның туыстары қаскөйлер оқушыны азаптап өлтіріп, мәйітін лақтырып кеткен дейді. Қазір елді дүрліктірген жағаұстатарлық жағдайға байланысты полицейлер іс қозғады. Күдікті әлі табылған жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 31-арнаның `Информбюро` бағдарламасына сілтеме жасап.