Қызылорда қаласында жергілікті көңіл көтеру мекемелерінің бірінде келген қонақтар арасында келіспеушілік туындап, оның соңы атыспен аяқталған. ІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қаладағы лаундж-барлардың бірінде 10 қаңтар сағат 01:30-да қаланың екі тұрғыны арасында жанжал шыққан. Осылайша, кикілжің кезінде олардың бірі екіншісінің иығына травматикалық тапаншамен оқ атып, оқиға орнынан қашып кеткен. Қазір жәбірленушіге қалалық ауруханада медициналық көмек көрсетіліп,