Қызылорда қаласында балабақшаға апаратын жолдың мүшкіл жағдайы тұрғындардың наразылығын күшейтті. КБИ мөлтек ауданындағы №7 «Нұрбесік» балабақшасының маңында орналасқан Майтөбе көшесі жауын-шашыннан кейін батпаққа айналып, жүріп-тұруды қиындатқан. Бұл туралы QazaqToday.info ақпараттық порталы хабарлайды. Ата-аналардың айтуынша, балаларын балабақшаға апару үшін күн сайын лай кешуге тура келеді. Тіпті кей жерлерден ересек адамдардың өзі әрең өтеді. Жергілікті тұрғындар биыл...