Қызылорда облысында жыл басынан бері кене шаққан 225 адам медициналық көмекке жүгінген. Бұл өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2 есеге көп деп хабарлады turkystan.kz. Биылғы жылдың 5 айында аса қауіпті Конго-Қырым геморрагиялық қызбасына байланысты 4 ықтимал жағдай тіркелді. Оның 1-еуі эпидемиологиялық, клиникалық және зертханалық жолмен нақтыланды. Қалған 3-і диагнозы зертханалық қорытындыларының теріс болуына байланысты өзгертілді. …