Қызылорда облысы Арал ауданы Ақшатау ауылының оқушылары білім алу үшін өмірін қатерге тігуге мәжбүр. Себебі мектепке қыста Сырдария өзені үстіне салынған қалқымалы көпір арқылы, күн жылыса қайықпен қатынайды. AstanaTV хабарлайды. Ата-аналар қайықтың қауіпті екенін білсе де, басқа амалы жоқ. Ауылдағы бастауыш сынып оқушылары оқитын жалғыз мектеп те талапқа сай емес. Ақшатаудың бастауыш сыныпты тәмамдаған оқушылары