Қызылорда облысында ірі көлемдегі есірткі алқабы анықталды деп хабарлады turkystan.kz Қызылорда облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Қармақшы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шара жүргізді. Іс-шара барысында ауданға қарасты далалық жерде 766 түп сора өсімдігін еккен Қызылорда қаласының 58 жастағы қала тұрғыны қолға түсті. «Оқиға орнынан азық-түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар, …