Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі Наурыз көшесі, 30-үй тұрғындары үйдің жағдайы күннен-күнге нашарлап бара жатқанын айтты. Айтуларынша, жертөледегі құбырлар шіріп кеткен соң, тұрғындар өз қаражатына ауыстыруға мәжбүр болған. Подвалда жиналған сасық суды да өздері тазартқан. Алайда жөндеу жасағанымен, үйдің іші көгеріп, қабырғалары бүлініп жатыр. Тұрғындардың сөзінше, жаңбыр жауған сайын подъезд төбесінен су ағады. Бір жерін жөндесе,...