Қаржылық мониторинг агенттігі Қызылорда облысында банк қызметкерінің 600 миллион теңгеден астам қаржыны ұрлағанын мәлімдеді. Агенттік мәліметінше, банк қоймасындағы қаражатты тексеру барысында 602 900 000 теңгенің жетіспейтіні анықталыпты. Контроллер-кассир шамамен 1 000 000 теңгеден 4 000 000 теңгеге дейін ақшаны бөлшектеп, кассадан ұрлағаны анықталды. Банктің 2021-2023 жылдар аралығындағы бейнебақылау камераларының жазбалары тәркіленді, онда кассадан халаттың жеңіне оралған