Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Жібек жолы ауылында жоғалып кетіп, кейін өлі табылған бес жасар қыздың денесінде зорлық-зомбылық іздері қалған. Бұл туралы Азаттық радиосы хабарлайды. Анасының сөзінше, кішкентай қызы 13 шілдеде түсте үйінен шығып, артынша жоғалып кеткен. Сағат 13:04 кезінде үйден шықты. Шамамен 6 минуттан соң таба алмай қалдым. Төңіректі түгел шолып, ауылды араладық. Ауыл адамдары жабылып іздеуге кірістік,