Ресейлік эстрада әншісі, РФ Халық әртісі Лев Лещенко «Газете.Ru«-ға Қазақстанға не үшін барғанын айтып берді. Өнер иесі БАҚ-та жарияланған ақпаратқа қатысты пікір білдіруден бас тартты. Бұған дейін еліміздегі бірқатар БАҚ оның жеке сәйкестендіру нөмірін алғанын жазған болатын. «Қазақстанда досымның — бұрынғы премьердің үйінде қонақта болдым, бар болғаны осы», —деді ол.