Ұлыбритания билігі Ресейге қарсы санкцияларды кеңейтті. Ресей Украинаға қарсы толық ауқымды соғысты бастағанына төрт жылға жуық уақыт өтті. 18 желтоқсан, бейсенбі күні Ұлыбритания үкіметі жариялаған хабарламада қара тізімге тағы 24 жеке және заңды тұлға енгізілгені айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.