Олар Португалия аспанындағы ұшақ апатының алдын алып, әріптестері мен ұшақты аман алып қалған. Төрт ұшқыш төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі үшін Хью Гордон-Берг сыйлығымен марапатталды. Эйр Астананың мәліметінше, оқиғаның өзі 2018 жылдың 11 қарашасында болған. Ол кезде қазақстандық ұшқыштар Лиссабонда (Португалия) жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін қайталама ұшуды орындап жатқан болатын. Кабельдік басқару жүйесінің дұрыс орнатылмауына байланысты,