Елордада құрылысы басталып, аяқсыз қалған LRT бағандарын бұзып жатыр деген ақпарат – жалған. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясының ресми өкілі мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. «Әлеуметтік желілерде «LRT конструкцияларын бұзып жатыр» деген видео кең тарап кетті. Осыған орай таралған видеоның өткен жылы түсірілгенін ресми түрде хабарлаймыз. Аталған бейнежазбада қытайлық консорциум жалдаған техниканың жұмысы бейнеленген. …