Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Үкімет отырысының кулуарында Астанадағы LRT туралы айтты. LRT менің құзыретімдегі шаруа емес. Бұл сұраққа жауап бере алмаймын. Бұл – әкімдіктің мәселесі. Мен әкімдікте жұмыс істегенде оған қатысты бірнеше рет пікір білдірдім. 2022 жылдың қорытындысы бойынша біз өлі нүктеден қозғалдық. 50 млрд теңге бөлініп, жұмыс басталып кетті. Әкімдік жұмысты жалғастырып жатыр, деді