Алматыда Q-pop бағытындағы «Mad Men» музыкалық тобының мүшелері психотроптық заттар мен есірткіні сату мақсатында дайындап, сақтағаны үшін ұзақ мерзімге сотталды деп жазды turkystan.kz. Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Mad Men» тобының мүшелеріне қатысты қылмыстық топты құру, оған жетекшілік ету, аса ірі мөлшерде психотроптық заттарды дайындау, сақтау, өткізу фактілері бойынша қылмыстық іс қаралды. …