Алматы облысы жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің аты тағы да қоғамдық талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Бұл жолы шенеунік облыста өткен ресми форум барысында жиын аяқталмай тұрып залдан шығып кеткені үшін сынға ұшырады. Оның бұл әрекеті қоғам белсенділерінің ашуын туғызды. Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен өткен жиын құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелеріне арналды. Атап айтқанда, форумда жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықпен күрес, мал ұрлығы және отбасылық зорлық-зомбылық сынды өзекті тақырыптар қозғалды. Бұл – жастардың қатысуын және ұсыныстарын талап ететін маңызды алаңдардың бірі болды. Форумның дәл қызған шағында облыстық жастар саясаты басқармасының басшысы Мәди Ахметовтің сыртқа шығып, әріптестерімен […]
Жаңалықтар




































