Премьер-министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында бензин мен дизель бағасына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл оңай шешім емес, бұл шешімді қабылдауға мәжбүр болып отырмыз. Егер жақын арада бұл шешімді қабылдамасақ, мұнай өнімдерінің тапшылығына тап боламыз, деді Әлихан Смайылов. Әлихан Смайылов Қазақстанда жан басына шаққандағы дизель отынын тұтынудың деңгейі өте жоғары - жылына 370 литр екенін атап өтті.