Бүгін Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасы нақтыланды деп хабарлады turkystan.kz. Отырыста депутаттар жаңа диалог алаңына айналатын Парламент Мәжілісі жанынан Қоғамдық палата құру туралы бастаманы қолдады. Бұл туралы алдағы жалпы отырыста жан-жақты талқыланатын болады. Оның құрамына беделді сарапшылар, қоғам қайреткерлері, саяси партиялар мен БАҚ өкілдері кіреді …