Валлетада абортқа қарсы наразылық акциясы өтті. Бұл туралы DW хабарлады. Наразылық білдірушілердің митиңгіге шығуына Мальтаның денсаулық сақтау министрі Крис Ферннің парламентке ұсынған заң жобасы себеп болды. Министр ерекше жағдайларда түсік жасаған дәрігерлерді қудалауды тоқтатуды ұсынды. Алайда наразылық білдірушілер мұны абортты заңдастыруға арналған қадам болуы мүмкін деп алаңдаған. Қарсылық акциясына 20 мыңға жуық адам қатысқан. Мальта