Жақында ғана жұмысына оралған Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Ғалымжан Ниязов тағы да қызметінен шеттетіліп, үйқамаққа алынды деп хабарлады turkystan.kz inAktau.kz басылымына сілтеме жасап. Қыста Ғалымжан Ниязов қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген айыппен 2 айға қамалған еді. Кейін сот бұлтартпау шарасын үйқамаққа өзгертті. Айта кетсек, 24 мамырда Маңғыстау әкімінің орынбасары қызметтік міндетіне кіріскені белгілі болған еді. …