Маңғыстау облысында жұмыссыз ауыл тұрғындары жұмысқа орналастыруды талап етіп, жолды жауып тастады деп хабарлады turkystan.kz «29 маусым күні сағат 18.20-да Жетібай мен Мұнайшының 30-ға жуық жұмыссыз тұрғыны мұнай секторына жұмысқа орналастыруды талап етіп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кен орнына баратын жолды жауып тастады», – деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімдігі. Қарақия ауданы әкімдігінің өкілдері жиналғандарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді. …