Күн райының жылынуына байланысты Маңғыстау өңірінде жол құрылысы маусымы басталды. Наурыз айының ортасынан бастап жолшы мамандар күрделі жөндеу жұмыстарымен қамтылған республикалық маңызы бар “Құрық-Жетібай” тасжолында асфальт төсеу жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі